17.06.2024

Жазғы корпоративтік іс-шара – QIWI Kazakhstan 2024 туған күні

Тендер өткізу мерзімі:
2024 жылғы 17-28 маусым аралығында

Іс-шара:
QIWI Kazakhstan 2024 туған күні – 18 жыл!

Өткізілетін күні, уақыты және орны:
26 шілде 2024 ж 12:00-22:00 – QIWI Kazakhstan кеңсе террасасы

Іс-шараның мақсаттары:
Компания қызметкерлерін көтермелеу және ынталандыру, бейілділігін арттыру, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, жаңа қызметкерлерді бейімдеу және демалыс.

Мақсатты аудитория:
QIWI Kazakhstan компания қызметкерлері.

Іс-шара ерекшеліктері:

  • Іс-шараға қатысушылар саны – 100 адам.
    Іс-шара кеңсе террасасында өтетін болады.
  • Іс-шараны «Бассейн маңындағы кеш», « Маған 18» стилінде ұйымдастыру бойынша ұсыныс дайындау қажет.
  • Ойын-сауық бағдарламасы, жүргізуші, DJ, бэнд, конкурстар, Press Wall. Фото және бейне. Іс-шара стилистикасында безендірілген шақыру қағаздары.

Іс-шарада сүйемелдеу:
Жеткізуші тарапынан бір өкілден артық емес қатысу

Жеткізушіге қойылатын талаптар:

  • Іс-шаралар ұйымдастыру қызметін көрсетуде жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • ЖШС тіркеу нысаны (ҚҚС бойынша есеп);

МАҢЫЗДЫ!
«QIWI Kazakhstan» (КИВИ Қазақстан) ЖШС қаржы мониторингінің субъектісі болып табылатынына назар аударамыз. Бұл тендер жеңімпазымен іскерлік қарым-қатынас орнатқан кезде қолданылатын заңнаманың талаптарына және тиісті құжаттардың сұрауына сәйкес әлеуетті серіктеске тиісті тексеру жүргізілетінін білдіреді.

Тендерден өткен жағдайда комплаенс рәсімінен өту шарт жасасудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Жеткізушіні таңдау өлшемшарттары:

  • Жұмыс тәжірибесі;
  • Ұсынылған орын нұсқалары;
  • Іс-шараны өткізудің шығармашылық тұжырымдамасы;
  • Кері байланысты жедел ұсыну;
  • Жұмыс уақыты, шарт жасасу және төлем рәсімдеріндегі икемділік

Тендерге қатысу үшін өз ұсыныстарыңызды келесі e-mail-ге жіберу қажет: kzmarketing@qiwi.com kaztender@qiwi.com хатының көшірмесінде міндетті түрде (!) қалдыруды өтінеміз

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – 28 маусымды қоса алғанда сағат 18:00-ге дейін.
Тендер нәтижелері бойынша кері байланыс беріледі.