Сәйкестендіру

Операциялар бойынша қол жетімді лимиттерді ұлғайту және әмияннан банктік карталар мен шоттарға қаражат аудару мүмкіндігін алу үшін "Кәсіби" әмиян мәртебесін алу қажет. Бұл үшін жеке басын сәйкестендіруді өту қажет.

Қазақстан Республикасының резиденттеріне сәйкестендіруден өту үшін 
(азаматтарға немесе ТЫ барларға) жеке куәлік немесе төлқұжат қажет болады


Сәйкестендіруді онлайн өту үшін, QIWI Әмиянында авторизациядан өтіп, сәйкестендіру бетіндегі нұсқауларды орындау қажет: https://qiwi.com/settings/identification#kz

(!) Қазпошта бөлімшелерінде сәйкестендіруден өту уақытша қолжетімсіз екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін сәйкестендіру

Жақын арада сіздің қалаңыздың Қазпошта бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне сәйкестендіруден өту мүмкіндігі пайда болады. Өту үшін ЖСН және шетелдік төлқұжат қажет.

Қазпошта арқылы сәйкестендіру бойынша ақпаратты нақтылау үшін QIWI Әмиянын қолдау байланыс телефондары: