QIWI Kazakhstan теңгерімі рубльдегі, доллардағы және еуродағы әмияндардың QIWI шоттарынан ақшалай қаражаттың қалдықтарын төлейтін болады.

Ақшалай қаражатты қайтарып алу үшін
төмендегі нұсқауларды орындау қажет.

Өтініштер қоса алғанда 2024 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

Қайтаруға сауалнаманы жібермес бұрын білу кеек МАҢЫЗДЫ нәрселер!

  1. Қайтаруға өтініш тек ҚР азаматы болып табылатын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар сәйкестендірілген клиенттен ғана қабылдануы мүмкін.
    QIWI мобильді қосымшасында немесе qiwi.com сайтында «Профиль» мәзіріндегі, «Сәйкестендіру» бөліміне өтіп, теңгерімі теңгедегі әмияныңыздың мәртебесін «Мәртебе» бөлімінен тексеріңіз.
    Егер әмияныңыздың деңгейі «Минималды» немесе «Негізгі» болса, әмиян деңгейін «Кәсіби» деңгейге келтіру бойынша нұсқауларды орындаңыз.
  2. Сауалнаманың барлық жолдары міндетті түрде толтырылуы тиіс.
  3. Құжат скандары жоғары сапалы, жақсы оқылуы керек.
  4. Сауалнама тармақтарында қандай да бір құжат болмаса, немесе қате ақпарат болған жағдайда өтініш қабылданбайды.
  5. Қайтару үшін нақты сомаларды көрсетіңіз, олар әмияндағы қалдық қаражаттан аспауы керек.
  6. Сәйкестендіру деректері сауалнамадағы деректермен сәйкес келуі керек.
  7. Тек бір сауалнама жасауды өтінеміз.
  8. Қайтару тараптар 2024 жылғы 27 мамырдағы ҚР ҰБ курстары бойынша цессия шартына қол қойғаннан кейін 10 күн ішінде жүзеге асырылады:
    • 1 ресейлік рубль = 4,94 теңге
    • 1 АҚШ доллары = 443,16 теңге
    • 1 еуро = 480,39 теңге

Қоса берілген құжаттармен сауалнамаларды қабылдау мерзімі – 2024 жылғы 10 маусымға дейін.

QIWI Kazakhstan Кредиторлардың 2024 жылғы 10 маусымнан кейін берген өтініштерін қарамайды. Бұл жағдайда қайтаруды жүзеге асыру үшін тікелей ССА-ға хабарласу қажет болады.

Құжаттарды өз бетінше жіберген, оң жауап алған және ССА тізілімінде кезекке тұрған Кредиторлар үшін QIWI Kazakhstan арқылы ұқсас өтініш беру талап етілмейді.

Мұндай сұрауларды алған жағдайда олар қанағаттандырылмайды.

МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

Құжаттарды бір мезгілде ССА және QIWI Kazakhstan-ға жіберген клиенттерге цессия шартын бұзуды және осы бұзушылық үшін жауапкершілікті болдырмау мақсатында Шарт24-ке сілтемемен жіберілген өтінішке қол қою қажет, бұған сәйкес, егер ол ССА тізіліміне енгізілген болса, клиенттің кезегі QIWI Kazakhstan-ға өтеді.

Барлық клиенттерге әдепкі бойынша осы өтінішке қол қою қажет. Көрсетілген электрондық поштаға Шарт24 платформасында цессия шартына қол қоюға сілтемені бұрыннан алған клиенттер өтінішке қол қоюға қосымша сілтеме алады.

Теңгерімі рубльда, долларда немесе еуродағы QIWI әмиянынан қаражатты қайтарып алу үшін ҚР резиденттеріне:

  1. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ).
    Егер сізде ол болмаса, оны https://egov.kz сайтынан алыңыз.
  2. Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың сапалы скані.
    Оны әмиян тіркелген ұялы нөмір тиесілі ұялы байланыс операторының кеңсесінде алуға болады.
    Нөмір Qiwi әмиян иесіне тіркелген болуы керек.
    Сондай-ақ ұялы оператордың мобильді қосымшасындағы абонент кабинетінен анықтамалар, тіркеу нысандары мен дербес деректері бар экран суреттері қабылданады.
  3. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің екі жағының сапалы скандері.
    Ең жақсысы – pdf форматында https://egov.kz сайтынан немесе Kaspi, Halyk, Jusan банктерінің мобильді қосымшаларынан жүктеп алған жөн.
  4. Қол жетімді балансы бар экран суреті.
    Өзіңіздің шоттарыңыздың балансын qiwi.com сайтынан жоғарғы оң жақтағы мәзірден немесе мобильді қосымшада мәзірдегі «профильде» «баптаулар», «әдепкі қалпы бойынша шот» бөліміне өтіп, көруге болады.
  5. Төмендегі сауалнаманы толтырыңыз.
  6. Сауалнаманы Сіз көрсеткен поштаға жібергеннен кейін сіздің ЭЦҚ-бен «Договор 24» сервисі арқылы құжаттарға қол қоюға сілтеме келеді. Қол қоймас бұрын сізге хатта жіберілген сілтеме бойынша «Договор 24» платформасында тіркелу қажет болады.
    Клиенттер үшін сілтеме бойынша тіркелу тегін болады.
    Егер сілтеме 2 күн ішінде келмесе, біздің байланыс орталығына +7 727 356 12 12 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
  7. Біз Сізге деректерді өңдеу нәтижелері туралы хабарлаймыз.